МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. КОМПОЗИТОР ЛАТИФ АБДУЛХАЙҰЛЫ ХАМИДИ 115 ЖАСТА
Латиф Абдулхайұлы – композитор, педагог, ҚазКСР-інің халық артисі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы.
Композитор 1906 жылғы 17 шілдеде бұрынғы Қазан губерниясында дүниеге келді.
1926 жылы Ташкенттегі халық ағарту интитутын, 1931 жылы Мәскеудің бірінші музыкалық техникумының композитор бөлімін тәмәмдаған. Кейін 1938 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясында білім алған.
1933 жылы Алматы қаласына қоныс аударған ол қызмет жолын Қазақ радиосы хорының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі ретінде бастаған.
1938-1940 жылдары қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестерінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі міндетін атқарады. 1940-1942 жылдары Қазақтың хор капелласының бас дирижері және жетекшісі болды.
1942 жылы Алматы музыка училищесінде, 1944 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. Композитор Н. Тілендиев, дирижерлер Ш. Қажығалиев пен Ф. Мансұров, домбырашы Қ. Мұхитов сияқты білікті мамандардың шәкірті болған.
Бұл жылдары композитор «Бесжұлдыздықтың ерлері», «Қызыл қыран» әндерін жазды. «Отанға ант», «Қазақстан», «Отан» атты вокалдық шығармаларында туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін, қазақтың кең-байтақ даласын, оның сұлу табиғатын бейнеледі. Ұлы Отан соғысы жылдары жазған потриоттық сезімге толы әндері «Атаныңдар майданға», «Біз – кеңес еліміз», «8 гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нұркен» әндері халықты қаһармандық сезімге бөледі.
Латиф Абдулхайұлы – музыка тарихында қазақ вальсін жазған тұңғыш композитор. Оның халық арасына кеңінен тараған «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұлы» ТМД елдері, сондай-ақ дүние жүзі сахналарында шырқалды. Сонымен бірге хорлар, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалар, спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. Оның Отан, туған ел туралы әндері лириканы арқау етсе, бейбітшілік пен тың игеруге арналған әндерінен үміттің лебізі еседі. Жас өспірімдер үшін шығарған әндері балалардың шаттыққа толы өмірін паш етеді. Ол халық музыкасын жинауда, қазақтың опера өнерін өркендетуге елеулі еңбек сіңірді.
Композитор қазақ опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосты. Оның қаламынан «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» атты опералары, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасы және «Балбұлақ» опереттасы тамған.
Сонымен бірге оның Б. Ғизатовпен бірлесе жазған «Домбыра үйрену мектебі», Х. Тастановпен бірге құраған «Дирижерлік етудің негіздері», т.б. зерттеу еңбектері бар.
Композитор бар саналы ғұмырын қазақ өнерін насихаттап, дамытуға жұмсады. Оның жазған әндері, опералары әлі де сахнада орындалуда.
Латиф Хамиди Қазақ КСР мемлекеттік гимні авторларының бірі, музыкалық қоғам қайраткері болды. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен үш мәрте марапатталып, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атағына ие болған.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қорында сазгер туралы А.Қ. Омарова құрастырған «Латиф Хамиди» кітабы бар. Басылым қазақ музыкасының жанашыры, композитор, педогог-ұстаз Латиф Хамидидің өмірі мен шығармашылығына арналған.
Латиф Хамидидің 100 жылдығына орай шығарылған бұл кітапқа композитордың түрлі жылдары мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары мен замандастарының, шәкірттерінің эссе-естеліктері сұрыпталып енгізілген.
Қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына еңбек сіңірген ел азаматтары туралы Б. Нұржекеұлының «Жүз тұңғыш» атты жинағына да композитордың есімі кірген. Жинақ арқылы оның өмірі мен еңбек жолына қатысты құнды деректермен танысуға болады.
«Қазақ вальсінің» авторы Латиф Хамиди жайлы не білеміз?
Латиф Абдулхаұлы Хамиди 1906 жылы 17 шілдеде туған. Өз ұлты татар. Қазақ губерниясында туылса да оның өмірі мен шығармашылығы Қазақстанмен біте қайнасқан. Ол 1933 жылы Ташкенттегі Татар институты мен Мәскеу бірінші музыкалық техникумын бітірген соң Қазақстанға келеді. Жас Латифтың қоржынында сол кездің өзінде-ақ танымал әндер мен аспаптық пьесалар (татар ақыны Мұса Жәлелдің сөзіне жазылған «Алғашқы вальс», «Көңілді жастық шақ» маршы) болған.
Музыкадағы алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында жетекшілік қызметімен бастаған Латиф қазақ халық музыкасын тануға көп күш салады. Сол жылдары ол Қазақ радиосының хорына тұңғыш рет көпдауысты халық әндерін дайындайды. Кейін Латиф Хамиди Семейдегі музыка-драма театрына ауысқан соң көптеген ел-жерді аралап, жол бойында қазақ халық музыкасын тануға мүмкіндік алады. Сол гастрольдік сапарларында ол көптеген халық әндерін нотаға түсіреді, оның ішінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын да зерттей түседі. Бұл материалдары оның бірінші операсының құрамына енеді.
Латиф Хамидидің тұңғыш шығармаларының бірі – «Қызыл қыран» («Красный сокол») ең сәтті туындыға айналады. Себебі, бұл шығарма Қызыл армияның 15 жылдығына арналған тұңғыш көпдауысты әні. 1936 жылы сазгер Мәскеуге қайта барып Мәскеу консеравториясының Татар опералық студиясында екі жыл уақыт білім алады.
Бұдан кейін ол Қазақстанға қайта оралып, қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшілігін өз мойнына алады.
Кейін Латиф Хамиди Қазақ мемлекеттік капелласының жетекшісі әрі дирижері болады. Ұлы отан соғысы жылдарында сазгер Кеңес одағының батыры Нұркен Әбдіров жайлы ән жазады, бұдан бөлек көптеген соғыс әндерінің авторы атанады. Сазгер қазақтың жаңа музыка мәдениетіндегі Абай әндерінің игерілуі, опера жанрындағы ақын бейнесі жөнінде бірнеше мақала жазып, зерттеу жүргізеді. Бұл мақалалардың көпшілігі «Әндер, романстар, «хорлар» (1957), «Балаларға арналған фортопианолық пьесалар» (1965), «Абай» операсы» (1966) деген кітаптарына енген. Л.Xамиди Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері болады.
Сазгер көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” шығармалары оны танымал етті. Латиф Хамиди бұдан бөлек патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының шарықтауы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп жазуы), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Ол музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы – этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде ел есінде қалды. 1933 жылдан Алматы қаласында тұрды. Қазақ ССР-інің халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1933 жылдары қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, оны нотаға түсіруге атсалысты.
«Жарқын, икемді, әсем жаңғырықтарымен ол барлық кейінгі вальстердің атасы атанды»
Ең көп із қалдырған қызмет саласы
Ұлы композитор, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі (1966 ж.), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978 ж.).
Аспаптық музыка жанрында Латиф Хамиди фортепиано, халық аспаптары ансамблі, ішекті квартетке арнап музыка жазды, ол домбыраны асқан шебер аспаптар дәрежесіне көтерді, ол үшін таңғажайып туындылар жасады. Хамиди деректі, ғылыми-танымдық, көркем фильмдер мен драмалық қойылымдарға музыка жазды. Өз жолын жаңалық ашушы ретінде өткізіп, орыс және әлемдік мәдениеттің элементтерін қазақ топырағына жеткізді. Қазақ музыкасы мен Латиф Хамидидің даму жолдары сәйкес келді.
1933 жылға қарай Александр Затаевич кейбір халық әндері мен күйлерін жинап, жазып алды, Евгений Брусиловский халықтық әуенге еyропалық дәстүрлерді қолдануға тырысты. Ахмет Жұбанов өткен замандағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек композиторларының мұраларын зерттейді. Хамиди де осы жұмысқа қосылды.
Қызықты өмірбаян деректері
Композитор 50-ден астам ән мен романстар, драмалық қойылымдар мен фильмдерге музыка жазды. Алғашқылардың бірі болып ол Абай әндерінің ең жақсы үлгілерін, сонымен қатар 200-ден астам халық әндері мен аспаптық шығармаларды нақышына салып жазды, содан кейін 100-ден астам қазақ, татар, башқұрт, өзбек, түрікмен әндерін өңдеді.
Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері
Латиф Хамидидің шығармаларындағы қазақтың көпшілікке арналған әндері қазақ халық әндері мен кеңестік бұқаралық әндердің дәстүрлерінің біріктігуі, олардың көңіл-күйі өмірді мадақтау болды.
Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары
Вокал жанры Хамиди шығармашылығының маңызды және ауқымды бөлігі болып табылады. Оның көмегімен композитор қазақ музыкасының рухы мен сипатын дәл анықтап, қазақ топырағының туған баласы атанды.
Шығармашылық мұрасы
Латиф Хамиди композиция және инструментовка салаларындағы жоғары кәсіби мамандардың оқытушысы, қазақ халық әндерін, операларын және симфониялық шығармаларын хорға арнап өңдеу шебері, Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, мұғалім, дирижер және музыкалық қоғам қайраткері болды.
Хор музыкасы саласындағы жаңашылдықты көрсете отырып, Латиф Хамиди халық әуендеріне негізделген хор туындыларына табиғи және органикалық полифониялық үйлесімділікті жасады.
Марапаттар
Интеллектуалды, зиялы Латиф Хамиди Еңбек Қызыл Ту орденімен үш мәрте марапатталды, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды.
Кешегі халық композиторлары Ақан, Біржан, Үкілі Ыбырай, Мәди, Мұхит, Естай, Жаяу Мұса мен Ғазиздердердің табиғи өнерін ұлттық операмызға арқау еткен тамаша дарын иелері Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаевтар десек, осы сапта қажырлылық көрсетіп, небір тамылжыған шығармаларын тыңдаушысына жеткізген өнер өкілі, белгілі композитор Латиф Хамиди (1906-1983) еді.
Бұл туралы Қазақпарат жазған.
Татар жерінде Кайбеиз ауданына қарасты Бували елді мекенінде дүниеге келген Латекең бала кезінде қазақ музыкасының майталманы болам деп ойлады ма екен, сірә.
Әлдебір себеппен әкесі Әбілқай Латифтың жеті жасында Өзбек жеріндегі Қаттақорғанға көшіп барады. 1920- 26 жылдары Ташкенттегі түрік-татар ағарту институтында дәріс алған Латиф дүниенің кілті оқуда екенін түсініп, 1924 – 31 жылдары Мәскеудегі музыка техникумында оқи жүріп мектепте музыка пәнінен сабақ береді. Ал 1933-36 жылдары қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында көркемдік жетекші қызметін атқарды.
1936-38 жылдары Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған татар опера студиясында оқиды. Латиф Хамидидің қазақ жастарымен араласуы кездейсоқ емес-тін.
Ташкентте оқып жүрген жастар үнемі бас қосып, көркемөнерпаздар үйірмесінде өз өнерлерін шыңдайтын. Студент шағында Латиф өмірдегі өз бағытын таңдай білді.
«Шығыс кештері» деп аталатын жастар орталығында әр ұлттың өкілдері жиналып өз өнерлерін ортаға салатын. Көп дауысты хорды Құрманбек басқаратын. Қазақ музыкасына деген қызығушылық осы кезде басталса, тағы бір оқиға Мәскеуде жүргенде өз әсерін тигізді.
Бір күні үлкен мемлекет қайраткері Сейітқали Меңдекешевтің үйіне қонаққа барған еді. Алматыдан театр режиссеры Жұмат Шанин мен ақын Асқар Тоқмағамбетов келген екен. Содан қазақ халқының өнері мен әдебиеті жайлы көп сырласқан Латифке «Қазақстанға барып ұлттық өнеріне септігім тисе» деген ой келеді. Көп ұзамай оқуын бітірген ол Алматыға келіп, қазіргі Құрманғазы атындағы оркестрге дирижерлық етеді.
Мәскеуде орыстың халық аспаптар оркестрінде дирижерлық етіп, мол тәжірибе жинақтап, атақты маман Александр Сергеевич Илюхиннен дәріс алған Латекең алғаш ауыл жастарынан жиналған ұжымды басқарды. Музыкалық сауаты жоқ, есте сақтау қабілетімен ойнайтын күйшілерді басқару алғашында қиынға соқты. Ал соғыс басталған соң майданға аттанған музыканттардың орнын кейінгі жастармен толықтырған ол студия ашып, шағын шығармаларды нотамен ойната бастады. Аса қабілетті жастарды консерваторияға қабылдап баулыды.
Енді біздің алтын қорымызда сақталған Латиф Хамидидің естелігінде ол кісі алғаш қазақ топырағына келгендегі өнер адамдарымен қауышуын былайша әңгімелеген еді:
«Мен Қазақстанға 1933 жылдың көктемінде келген болатынмын. Алғаш танысқан әншілерім Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Күләш Байсейітова, Рабиға Есімжановалар болды. Сол кездегі Әміре мен Жүсіпбектің салған «Ағаш аяқ», «Көк көбелек», «Балқадиша», Қанапия» әндері әлі күнге құлағымнан кетпейді. Жүсіпбек салған «Қанатталды» әнін алғаш естігенде көзіме жас келгенін де байқамай қалыппын. Бірнеше жыл Жүсіпбекпен филармонияда қызмет етіп жүрдік. Ол кезде жазып жүрген шығармаларым жайлы айтқан Жүсекеңнің сын-пікірлерін өте бағалайтынмын және оның ән салудағы ерекшелігін өз шығармаларыма қолданып та отыратынмын»,- деген еді ол.
Тағы бір есте қаларлық жәйт, дирижер Орынбек Беков Латифты Сәкен Сейфуллиннің үйіне ертіп апарады. Сол жолы Сәкен оған: «Сенде өнерге деген ерекше махаббат бар, қазақ музыкасы даму үстінде, осыған өзің де үлес қосып, ән шығарсаң қайтеді» деп, «Қызыл қырандар» деген жырын ұсынған. Жаңа шыққан ән алғаш атты әскер полкінің мерекелік концертінде тұңғыш рет орындалды. Осыдан бастап Латиф Хамиди ән жанрымен айналыса бастады. Көкірегі мөлдір сезімге толы жас композитор осыдан кейін бірнеше ән жазады.
Көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың «Екі той» атты пьесасына Латиф Хамиди ән жазады. Кейін бұл туынды «Қазақ вальсі» болып шырқалады. Сөз орайы келгенде Латифтың осы шоқтығы биік вальс ырғағында жазылған әнінің құрылымы, ерекшелігі мен өміршеңдігі жайлы композитор Кеңес Дүйсекеев:
«Қазақ музыка өнеріндегі вальс жанры жайлы айтатын болсақ, бұл жанр Европада таралған. Ән жанрына келгенде «Қазақ вальсі» қазақ музыкасының классикасы деуге болады. Бұнда халық әндерінің де ерекшеліктері қосылған. Жалпы қазақ жерінде вальс ән жанры түрінде қалыптасқан, олай дейтініміз халқымыз ән-әуенге тым жақын, содан да болар», – деген блатын. Латиф Хамиди аз уақыт радиокомитетте хор жетекшісі қызметін де атқарды. «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін жазғанда Күләштің дауыс мүмкіндігіне лайықтап, әншімен ақылдаса отырып жазды. «Елде тыныштық орнасын, біз бұлбұлдай сайрап, өнерімізді өркендетейік, тыңдаушымызды қуантайық! – деп Күләш тілек білдірген соң осы бір әсем әндер көңіл қуанышына айналған-ды.
Композитордың жаны сұлу, шығармалары табиғи әсемдігімен ерекше еді. Латекең «Бұлбұл» әнінде шыққан әншіге орындатып көріп, оның шырқау шыңы мен төменгі нотасын ойлана, әннің айтылу әсемдігін тыңдай отырып, түпнұсқасын аяқтаған. Содан да болар бұл ән мағынасы ашылып, тыңдаушының жүрегіне жол табатын.
Латиф Хамиди ұстаздық қызметпен музыка училищесінде, консерваторияда сабақ беріп жүргенде әннен алыстап кетті. Оның есесіне оркестрге, әртүрлі аспаптарға арнап көптеген шығармалар жазды. Қазақ радиосының әуе толқынынан насихаттады.
Композитордың шығармашылық шыңы – «Абай» операсы еді. Бұл операны Ахмет Жұбанов екеуі бірігіп жазды. 1944 жылғы 19 сәуірде Ақсай демалыс үйінде жазылған бұл шығарма Абай әндерімен әрлендірілді. Латиф Хамиди Абай әндерін жазушы Мұхтар Әуезовтен үйренді. Мұқаң бұл операның ойдағыдай шығуына көп көмек беріп, басы-қасында болды.
Латиф Абайдың ұлы ақындығымен қоса жаңашыл халық композиторы екенін, әнге жаңа екпін, леп қосып, халық әндерінен өзгеше әуен ойластырғанын түсінді. Сондай-ақ, Абайдың басқа ұлттардың да ән-әуенін тыңдап, ғибрат алғанын байқады.
Алғаш Абай бейнесін тенор дауысты Қанабек Байсейітов орындаса, кейін баритон дауысты Ришад Абдуллин орындағанда мағынасы ашыла түсті.
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан композитор Рамазан Елебаевтың жарқын бейнесін сомдау мақсатымен тағы да Ахмет Жұбановпен бірігіп «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды.
Композитор 1946 жылы бір көріністі «Жамбыл мен Айкүміс» операсын жазса, 1949 жылы төрт көріністі «Жамбыл» операсын аяқтады. Либереттосын жазған Хамит Ерғалиев пен Шаяхмет Құсайынов еді.
Латиф Хамидидің «Балбұлақ» опереттасы, симфониялық оркестрге арнап жазған «Татардың би» сюитасы, «Қобыланды» сюитасы мен «Амангелді» маршы, халық аспаптар оркестріне арнап жазған «Керуен», «Қордай», «Домбыра-прима аспабы мен оркестрге арналған концерті, камералық оркестрге арнап жазған «Қазақ тақырыбына сюита», «Полька», «Романс», «Дәулеткерей» күйі тақырыбына пьеса, ұйғыр биі, балаларға арнап жазған көптеген шығармалары біздің алтын қорымызда сақтаулы.
Қазақтың ұлттық музыкасын кәсіби деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуына үлкен үлес қосқан татар халқының өкілі, Қазақстанның халық әртісі, ұлағатты ұстаз, белгілі композитор Латиф Хамидидің есімі өнер өлкесінде мәңгі жасай бермек.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алтын Иманбаева
Татар жерінде Кайбеиз ауданына қарасты Бували елді мекенінде дүниеге келген Латекең бала кезінде қазақ музыкасының майталманы болам деп ойлады ма екен, сірә.
Әлдебір себеппен әкесі Әбілқай Латифтың жеті жасында Өзбек жеріндегі Қаттақорғанға көшіп барады.
1936-38 жылдары Мәскеу консерваториясының жанынан ашылған татар опера студиясында оқиды. Латиф Хамидидің қазақ жастарымен араласуы кездейсоқ емес-тін.
Ташкентте оқып жүрген жастар үнемі бас қосып, көркемөнерпаздар үйірмесінде өз өнерлерін шыңдайтын. Студент шағында Латиф өмірдегі өз бағытын таңдай білді.
«Шығыс кештері» деп аталатын жастар орталығында әр ұлттың өкілдері жиналып өз өнерлерін ортаға салатын. Көп дауысты хорды Құрманбек басқаратын. Қазақ музыкасына деген қызығушылық осы кезде басталса, тағы бір оқиға Мәскеуде жүргенде өз әсерін тигізді.
Бір күні үлкен мемлекет қайраткері Сейітқали Меңдекешевтің үйіне қонаққа барған еді. Алматыдан театр режиссеры Жұмат Шанин мен ақын Асқар Тоқмағамбетов келген екен. Содан қазақ халқының өнері мен әдебиеті жайлы көп сырласқан Латифке «Қазақстанға барып ұлттық өнеріне септігім тисе» деген ой келеді. Көп ұзамай оқуын бітірген ол Алматыға келіп, қазіргі Құрманғазы атындағы оркестрге дирижерлық етеді.
Мәскеуде орыстың халық аспаптар оркестрінде дирижерлық етіп, мол тәжірибе жинақтап, атақты маман Александр Сергеевич Илюхиннен дәріс алған Латекең алғаш ауыл жастарынан жиналған ұжымды басқарды. Музыкалық сауаты жоқ, есте сақтау қабілетімен ойнайтын күйшілерді басқару алғашында қиынға соқты. Ал соғыс басталған соң майданға аттанған музыканттардың орнын кейінгі жастармен толықтырған ол студия ашып, шағын шығармаларды нотамен ойната бастады. Аса қабілетті жастарды консерваторияға қабылдап баулыды.
Енді біздің алтын қорымызда сақталған Латиф Хамидидің естелігінде ол кісі алғаш қазақ топырағына келгендегі өнер адамдарымен қауышуын былайша әңгімелеген еді:
«Мен Қазақстанға 1933 жылдың көктемінде келген болатынмын. Алғаш танысқан әншілерім Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Күләш Байсейітова, Рабиға Есімжановалар болды. Сол кездегі Әміре мен Жүсіпбектің салған «Ағаш аяқ», «Көк көбелек», «Балқадиша», Қанапия» әндері әлі күнге құлағымнан кетпейді. Жүсіпбек салған «Қанатталды» әнін алғаш естігенде көзіме жас келгенін де байқамай қалыппын. Бірнеше жыл Жүсіпбекпен филармонияда қызмет етіп жүрдік.
Ол кезде жазып жүрген шығармаларым жайлы айтқан Жүсекеңнің сын-пікірлерін өте бағалайтынмын және оның ән салудағы ерекшелігін өз шығармаларыма қолданып та отыратынмын»,- деген еді ол.
Тағы бір есте қаларлық жәйт, дирижер Орынбек Беков Латифты Сәкен Сейфуллиннің үйіне ертіп апарады. Сол жолы Сәкен оған: «Сенде өнерге деген ерекше махаббат бар, қазақ музыкасы даму үстінде, осыған өзің де үлес қосып, ән шығарсаң қайтеді» деп, «Қызыл қырандар» деген жырын ұсынған. Жаңа шыққан ән алғаш атты әскер полкінің мерекелік концертінде тұңғыш рет орындалды. Осыдан бастап Латиф Хамиди ән жанрымен айналыса бастады. Көкірегі мөлдір сезімге толы жас композитор осыдан кейін бірнеше ән жазады.
Көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың «Екі той» атты пьесасына Латиф Хамиди ән жазады. Кейін бұл туынды «Қазақ вальсі» болып шырқалады. Сөз орайы келгенде Латифтың осы шоқтығы биік вальс ырғағында жазылған әнінің құрылымы, ерекшелігі мен өміршеңдігі жайлы композитор Кеңес Дүйсекеев:
Композитордың жаны сұлу, шығармалары табиғи әсемдігімен ерекше еді. Латекең «Бұлбұл» әнінде шыққан әншіге орындатып көріп, оның шырқау шыңы мен төменгі нотасын ойлана, әннің айтылу әсемдігін тыңдай отырып, түпнұсқасын аяқтаған. Содан да болар бұл ән мағынасы ашылып, тыңдаушының жүрегіне жол табатын.
Латиф Хамиди ұстаздық қызметпен музыка училищесінде, консерваторияда сабақ беріп жүргенде әннен алыстап кетті. Оның есесіне оркестрге, әртүрлі аспаптарға арнап көптеген шығармалар жазды. Қазақ радиосының әуе толқынынан насихаттады.
1944 жылғы 19 сәуірде Ақсай демалыс үйінде жазылған бұл шығарма Абай әндерімен әрлендірілді.
Латиф Хамиди Абай әндерін жазушы Мұхтар Әуезовтен үйренді. Мұқаң бұл операның ойдағыдай шығуына көп көмек беріп, басы-қасында болды.