певица акерке буркитбай биография
Жасы үлкен: Роза Рымбаеваның ұлы Ақерке Бүркітбайға үйленеді
Желіде Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті тарап кетті.
Танымал әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы бойдақтық өмірмен қош айтысып, отбасылы болуға қамданып жатыр. Әли Оқапов өмірлік жары болатын қызды алыстан іздемеген. Өнер иесінің таңдауы бұрынғы «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбайға түсіпті. Желіде қос ғашықтардың ұсыныс жасалған күнгі фотосы тарап кетті. Суретте қалыңдық қолына гүл шоғын ұстап әрі саусағындағы сақинасын да көрсеткен.
Ақерке Бүркітбай бұған дейін сүйіктісі өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған еді. Алайда, өнер иесі желіде болашақ жолдасымен түскен фотосын емес, бір өзі тұрған суретті жариялаған. Әнші сүйіктісін жасырғанымен оқырмандар оның Әли екенін айтып, құттықтап жатты.
Желі қолданушылары олардың арасында махаббат бар екенін көпшілік бұрыннан-ақ сезіп қойған. Әншілер 2016 жылы қалыңдық пен күйеу жігіт образында фотосессия жасаған. Сол уақыттан бастап Әли мен Ақеркенің арасындағы сезім жайлы түрлі пікір тарап кеткен.
Желі қолданушылары Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайды құттықтап, бақыт тілеп жатыр.
Оқырмандардың кейбірі Ақеркенің жасы үлкен көрінетінін жазған. Бірақ керісінше Ақерке Әлиден бір жас кіші.
«Роза Рымбаеваның келіні»: Ақерке Бүркітбай қалыңдық атанды (фото)
Қалың көпшілікке «Асыл» тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақерке Бүркітбай енді ресми түрде қалыңдық атанды. Өнер иесінің сүйіктісі оған кеше ғана үйленуге ұсыныс жасаған. Желі қолданушылары оның қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның келіні атанатынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/akerkeburkitbay.: Instagram
Ақерке Бүркітбай өміріндегі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосын жариялап, оқырмандарына алдағы уақытта тұрмысқа шығатынын жеткізді.
Желі қолданушыларының пайымдауынша, қалыңдық өмірлік серігін өзі күйіп-пісіп жүрген шоу-бизнес ортасынан тапқан.
Олар Ақерке Бүркітбайдың таңдауы Әли Оқаповқа түскеніне сенімді.
Қос жұлдыздың кездесіп жүргені жайлы қауесеттер бұрыннан бері келе жатыр. Алайда, екі тарап та өз қарым-қатынасын не растап, не теріске шығарған емес.
Оның үстіне Ақерке мен Әли кеше ғана белгілі телепродюсер Тимур Балымбетовтың некелесуінде жігіт жолдас пен қыз жолдас болып қайтқан. Олар достарының қуанышына арнайы бірдей киім тіктіріп, ел назарын өздеріне аударды.
Қызығы, Ақерке Бүркітбай аталмыш мерекелік шарадан кейін кешкі уақытта сүйіктісіне «иә» деп айтып, қалыңдық атанғанын хабарлады.